2021 жылдың 15 қаңтарында Allur Group компаниялар тобының құрамына кіретін Allur Motor Qazaqstan компаниясы Kia автокөліктерін сатуды және оларға қызмет көрсетуді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы аумағында Kia Motors ресми дистрибьюторы мәртебесін алғаны туралы хабарлады.
Allur Motor Qazaqstan бүкіл Қазақстан бойынша 17 Kia дилерлік орталығынан тұратын желі құруды жоспарлап отыр. Олардың жетеуі осы жылдың наурыз айына дейін республиканың негізгі өңірлерінде, яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай, Шымкент қалаларында ашылады. Тағы оны 2021 жылдың соңына дейін ашылмақшы. Қазіргі уақытта дилерлік кәсіпорындар Kia Motors стандарттарына сәйкес дайындалуда.
Allur Motor Qazaqstan клиенттерге Kia-ның ауқымды модельдік қатарын ұсынуда, оның ішінде 2020 жылдың негізгі жаңа көліктері де бар, олар: Sorento және Seltos кроссоверлері, бизнес санатындағы K5 седаны, жаңартылған Rio және Rio X. Сондай-ақ Soul және Sportage кроссоверлері, шағын Picanto қалалық автокөлігі және Cerato седаны. Кейін оларға жаңартылған Stinger фастбегі мен K900 седаны қосылады.
ҚР нарығы үшін барлық Kia автокөліктері Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында шығарылатын болады және нарық үшін өндірушінің 5 жыл немесе 150 000 км жүріс деген бірегей кепілдігі бар.
Allur Motor Qazaqstan дистрибьюторы 2021 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстандағы Kia автокөліктерінің иелері алдындағы кепілдік міндеттемелерін орындайтын болады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20:00
Сб-Жс 09:00-20:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – DOSCAR Almaty ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»